28.05.2026
«Мектебім, саған мың алғыс» атты бітіруші түлектерге арналған салтанатты саптық жиын жоғары деңгейде өтті.
Мектебіміз үшін ерекше қуанышты сәттердің бірі – салтанатты шараға Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова мен Ақмола облысының әкімі Марат Мұратұлы Ахметжановтың арнайы қатысуы болды. Құрметті қонақтарымыз жас түлектерімізге ақ жол тілеп, жүрекжарды лебіздерін білдірді. Сонымен қатар, оқу мен қоғамдық өмірде үздік нәтиже көрсеткен ұстаздарымыз бен оқушыларымызды марапаттады.
Министріміздің ауыл мектебіне, оның ішінде «Келешек мектептері» қатарына енетін білім ордамызға арнайы келуі – ауыл мектептеріне көрсетіліп жатқан ерекше қолдау мен сенімнің айқын көрінісі. Бұл – барша ұстаздар, оқушылар және ата-аналар үшін үлкен мәртебе әрі қуанышты жаңалық.
Мектеп бітіруші жас түлектерімізге алдағы өмір жолында сәттілік тілейміз! Еліміздің дамуына үлес қосатын, білімді де білікті маман болып қалыптасуларына шын жүректен тілектеспіз!






