Текст
24.03.2026
“Адал азамат”-біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде, ұлттың мерекемізді ұлықтау мақсатында Наурызнама онкүндігі аясында Талапкер ауылының мектеп-гимназиясында «Қош келдің, әз Наурыз!» атты мерекелік іс-шара өтті💕
Мектеп ұжымы Талапкер ауылының тұрғындарына арнап бұл мерекені жоғары деңгейде ұйымдастырды ✨ Іс-шара барысында мұғалімдер мен оқушылар бірлесе отырып, ұлттық дәстүрлерді дәріптеп, ән айтып, би билеп, ұлттық ойындар ұйымдастырып, көріністер көрсетті.
Мерекелік кеш көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлап, Наурыз мейрамының мән-маңызын кеңінен насихаттады.
Ұлыстың ұлы күні – береке мен бірліктің, татулық пен жаңарудың мейрамы. Баршаңызға Наурыз мерекесі құтты болсын! Әр шаңыраққа амандық, молшылық пен шаттық тілейміз 🌸






