Текст
Сәуір - “Еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік айы”.
«Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» атты мектебіміздің жас мамандары арасында сайыс өтті.
Сайыстың мақсаты – жас педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау болды. Байқау барысында қатысушылар өздерінің жаңашыл идеяларын ұсынып, түрлі кезеңдер бойынша білімдері мен біліктіліктерін көрсетті.
Сайыс өте тартысты әрі қызықты өтті. Жас мамандар тың идеяларымен ерекшеленіп, өз ісіне деген жауапкершілігі мен белсенділігін танытты.
Осындай іс-шаралар жас ұстаздардың кәсіби дамуына серпін беріп, білім беру сапасының артуына ықпал етеді.

