Текст
Ташкенттегі халықаралық жарыста – зор жетістік!
Ташкент қаласында өткен халықаралық жарыста мектебіміздің Robomaster командасы 50 команда арасынан суырылып шығып, үздік ондыққа еніп, сертификатпен марапатталды. Бұл — мектебіміз үшін үлкен жетістік әрі зор мәртебе.
Сонымен қатар, оқушыларымыз халықаралық деңгейдегі сайыста 30 команда арасынан оза шауып, «Ең үздік инновациялық жоба» номинациясы бойынша кубокты жеңіп алды. Бұл — олардың ең үлкен армандарының бірінің жүзеге асуы.
Ал бастауыш сынып оқушылары 60 команда арасынан ТОП-10 қатарына еніп, жоғары нәтиже көрсетті.
Оқушыларымыз халықаралық додада жоғары деңгейде өнер көрсетіп, Ташкент қаласынан жеңіспен оралды.


