Текст
Мамыр - “Бірлік пен ынтымақ айы”.
Бүгін мектебімізде «ЖҰЛДЫЗДЫ СӘТ – ЖАС ДАРЫНДАР» атты білім, өнер және спорт салаларында жетістікке жеткен оқушыларды марапаттауға арналған салтанатты іс-шара жоғары деңгейде өтті. Жыл бойғы еңбегімен, талантымен және табандылығымен ерекшеленген дарынды оқушылар марапатталып, олардың жетістіктері дәріптелді. Осындай жарқын сәттер жас буынға жаңа белестерді бағындыруға шабыт береді! Барлық марапат иелерін құттықтаймыз, алар асуларыңыз көп болсын!





