Текст
Сәуір - “Еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік айы”. Мектебімізде 7-9 сынып оқушылары арасында көңілді әрі тартысты «Жайдарман» сайысы ұйымдастырылды. Сайыс барысында қатысушылар өздерінің тапқырлығы мен актерлік шеберлігін көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Оқушылар түрлі әзіл-қалжың арқылы қоғамдағы қызықты жағдайларды сахналап, достық пен бірліктің маңызын айқын көрсетті. Мұндай шаралар жасөспірімдердің шығармашылық қабілетін дамытып, сахна мәдениетін қалыптастыруға үлкен үлес қосады. Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз! Жеңімпаздарды құттықтаймыз!



