Текст
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай мектебімізде оқушылар арасында «Ұлттар достығы – тәуелсіздік кепілі» атты ұлттар фестивалі өтті.
Фестивальдің мақсаты – оқушыларға еліміздегі түрлі ұлттар мен ұлыстардың мәдениетін таныстыру, достық пен ынтымақтастықты нығайту, өзара сыйластыққа тәрбиелеу болды.
Іс-шара барысында әр сынып белгілі бір ұлттың салт-дәстүрін, ұлттық киімін, тағамдарын таныстырып, ән айтып, би билеп, көріністер көрсетті. Оқушылар өз өнерлері арқылы көпұлтты Қазақстанның бірлігі мен татулығын паш етті.
Фестиваль жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Мұндай шаралар жас ұрпақты бірлікке, достыққа тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады.
Бірлігіміз бекем, еліміз аман болсын!







