Текст
Сәуір - “Еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік айы”.
Мектебімізде “Жыл сынып жетекшісі” байқауы өтті!
Білім мен тәрбие жолында аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздарымыз өз шеберліктерін, шығармашылығын және кәсіби біліктіліктерін ортаға салды. Сайыс барысында қатысушылар түрлі кезеңдерден өтіп, жаңашыл идеяларымен, ерекше әдіс-тәсілдерімен көзге түсті.
Әр сынып жетекшісі – оқушы жүрегіне жол таба білетін тұлға екенін тағы бір дәлелдеді. Байқау тартысты да қызықты өтті!
Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз және жеңімпаздарды құттықтаймыз!


