Текст
13.03.2026
“Адал азамат”-біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде, ұлттың мерекемізді ұлықтау мақсатында Наурызнама онкүндігі аясында Талапкер аулының мектеп-гимназиясының ұстаздар қауымы “14 наурыз Көрісу күні - амал мерекесін” атап өтті. Ұстаздар бір-бірімен көрісіп, амандық-саулық сұрасып, ізгі тілектерін білдірді. Бұл күн – адамдарды жақындастырып, сыйластық пен татулықты арттыратын ерекше дәстүр.
Ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптеген бұл шара ұжым арасындағы бірлікті нығайтып, көктеммен бірге жаңарған көңіл күй сыйлады.




